Қазақстандықтарға газ тарту үшін негізсіз есептелген 1,2 млрд теңге қайтарылады

290

Компания филиалдарына салынған айыппұл көлемі 79,5 млн теңгені құрады. 

Қазақстандықтарға газ тарту үшін негізсіз есептелген 1,2 млрд теңге қайтарылады Фото: inbusiness.kz

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд теңге сомасы қайтарылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері ҚР Бас прокуратурасы талабының шеңберінде  "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның өндірістік филиалдарына қатысты бірқатар өңірлерде жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

"Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалдарының іс-әрекеттерінде реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеу бойынша кесу, пломбалау және газды бастапқы іске қосу қызметтері үшін тұтынушылардан ақы алу сияқты бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Осы қызметтер үшін негізсіз есептеулер сомасы шамамен 1,2 млрд теңгені құрады.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның филиалдарына қатысты жол берілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 79 536 471 теңге көлемінде әкімшілік істер қозғалды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу