Қазақстанда қажетті тұрмыстық техника сатып алу үшін қанша ақша керек?

16353

Қазақстанда әртүрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлерге барлық қажетті тұрмыстық техниканы сатып алу үшін қомақты ақша керек, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда қажетті тұрмыстық техника сатып алу үшін қанша ақша керек?

2020 жылы Ұлттық статитика бюросы сауалнама жүргізген. Нәтижесінде еліміздегі барлық үйде тоңазытқыш (99,8%), кір жуғыш машина (96,3%) және шаңсорғыш (93,2) жоғы белгілі болған. Сауалға жауап бергендердің төрттен үш бөлігі ғана микротолқынды пешті пайдаланатынын айтқан.

Сұрақ қойылғандар үйінде 27,6%-ы мультиварка, 25,4%-ы мұздатқыш камера, 21,1%-ы кондиционер, 17%-ы жылытқыш, 3,8%-ы ыдыс жуғыш машина барын атап өткен.

Еліміздегі әрбір 100 үйге 116 теледидар, 102 тоңазытқыш және 102 ас үй плитасы тиесілі.

Energyprom.kz 2 ірі интернет-дүкендегі негізгі тұрмыстық техниканың (теледидар, ас үй плитасы, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, шаңсорғыш және қысқа толқынды пеш) бағасына талдау жасаған. Талдау барысында Samsung брендінің арзан техникасы таңдалған. Нәтижесінде үйге қажетті жоғарыда аталған барлық техниканы сатып алу үшін шамамен 733 мың теңге керегі анықталған.

2021 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстан бойынша орташа айлық атаулы жалақы 230,8 мың теңге болды. Зерттеудегі барлық тауарды сатып алу үшін орташа есеппен әр қызметкерге 3 номиналды жалақы керек.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлері қажетті техниканы сатып алу үшін 6,3 ай ақша жинауы керек. Бұл "таза" жинақ ақша болып саналады. Оның ішіне тамаққа, коммуналдық төлемдер және басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын ақша енбеген. 

Өнер, ойын-сауық және демалыс саласының қызметкерлері қажетті техниканы саты палу үшін 5,1 ай ақша жинауы керек.

Жылжымайтын мүлік саласындағы қызметкерлер 4,3 айда тиісті ақшаны жинап үлгереді.

Барлығынан бұрын ақшаны қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері жинайды: 1,7 ай.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу