Қазақстандықтарға қой еті де қолжетімсіз болып барады

2026 жылғы қазақстандық қой етінің бас шетелдік сатып алушысы – Өзбекстан.   

Қазақстандықтарға қой еті де қолжетімсіз болып барады Фото: ЖИ көмегімен жасалды

20 мамырдан 26 мамырға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізбесіне кіретін қой етінің бағасы +2,5% елеулі өсім көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қой еті бағасының бір апталық өзгеруі туралы мәліметтер 2026 жылдың қаңтарынан бастап, осы ет түрі ӘМАТ тізіміне енгізілгеннен бері қолжетімді саналады.

Дәл осы сәуір айының қорытындысы бойынша қой еті 2,5%-ға қымбаттаған. Десе де, мұндай өсу бүкіл айға қатысты да елеулі болып көрінеді. 2011 жылдың басынан бергі уақытша кезеңде мұндай мәндер сирек байқалады.

Жалпы, айдың басынан бері қой етінің құны 4,7%-ға өскен. Егер қолданыстағы динамика сақталса, мамыр айынан соң бағаның айлық өсу қарқыны кем дегенде 15 жыл ішіндегі максимумға жетуі ықтимал.

Қой еті бағасының күрт өсуі сиыр еті бағасының салыстырмалы тұрақтануымен сәйкес келеді. Мәселен, бір апта ішінде сүйектері бар сиыр етінің бағасы 0,2%-ға көбейсе, сүйексіз сиыр етінің бағасы өзгеріссіз қалды. Сәуір айының қорытындысында сиыр еті 1,5%-ға қымбаттады.

Көпшілікке белгілі, қой етіне қатысты экспорттық шектеулер енгізілмеген. Жыл басынан бері алғашқы үш айда оның экспорты 59%-ға, 7,7 мың тоннаға дейін өсім көрсетіп отыр. Толық 2025 жылдың қорытындысында екі есеге жуық өсім тіркелді. 2026 жылғы қазақстандық қой етінің бас шетелдік сатып алушысы – Өзбекстан. Көрші ел экспортталатын көлемнің 99%-ын немесе 7,5 мың тонна өнім алған.

Айта кетейік, Құрбан айт қарсаңында сарапшылар елімізден Біріккен Араб Әмірліктеріне экпортталатын ет бағасын сынға алды. Олардың айтуынша, сыртқа жөнетілетін еттің құны ішкі нарық бағасынан өте арзан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу