Қазақстандықтарға Қытайда өз жүргізуші куәлігін пайдалануға рұқсат беріледі

351

Құжат жария талқылауға ұсынылды.      

Қазақстандықтарға Қытайда өз жүргізуші куәлігін пайдалануға рұқсат беріледі Фото: Алексей Старков

Ішкі істер министрлігі "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмасу туралы Келісімге қол қою туралы" Үкімет қаулысыны жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ҚР халықаралық шарттары туралы" Заңның 8-бабына сәйкес, келісімнің мақсаты Қазақстан мен Қытай аумағында уақытша немесе тұрақты болатын азаматтар үшін рәсімдерді жеңілдету, жүргізуші куәліктерін өзара тануды қамтамасыз ету екені айтылған.

Құжатта жазылғандай, келісімді іске асыру екі ел азаматтарына жүргізуші куәлігін қайта оқудан өтпей және емтихан тапсырмай алмасуға мүмкіндік береді. Бұл елдердің заңнама талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.

"Нәтижелерге қол жеткізудің күтілетін мерзімі – Келісімге қол қойылғаннан, Тараптар қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды аяқтағаннан және Келісім күшіне енгеннен кейін. Күтілетін нәтиже – Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы азаматтарының жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмасудың жұмыс істейтін механизмін құру, бұл әкімшілік процедураларды қысқартуға және екі мемлекет азаматтары үшін қолайлырақ жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген қаулы жобасында.

Үкімет қаулысының жобасын жария талқылау "Ашық НҚА" порталында 30 тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу