Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді болды

283

Бұйрық 2024 жылғы 31 наурыздан бастап күшіне енеді.

Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді болды Фото: canva.com

2024 жылғы 19 наурыздағы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұйрыққа сәйкес, төмендегі мемлекеттік қызметтер тізімге енді:

  1. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
  2. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамның шотына алынған мүлікке билік етуге, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру;
  3. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру.

Бұл мемлекеттік қызметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететінін атап өткен жөн. 

Бұйрық 2024 жылғы 31 наурыздан бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу