Қазақстандықтарға Мысырға барудан бас тарта тұру ұсынылды

147

Мысыр Таяу Шығыстағы шиеленіске қарамастан, туристерді қабылдап жатыр. 

Қазақстандықтарға Мысырға барудан бас тарта тұру ұсынылды Фото: 22century.ru

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев құзырлы ведомство елден шығуға тыйым сала алмайтынын, тек ұсынымдар беретінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз Таяу Шығыс елдеріне сапардан уақытша бас тартуға кеңес береміз. Иә, кейбір елдер, соның ішінде Мысырдың туристерді қабылдап жатқанын, әуе рейстері қалыпты режимде орындалып жатқанынан хабардармыз. Дегенмен қалыптасқан жағдайды ескере отырып, азаматтарды шетелге шығу мәселесінде жауапкершілікпен, байыппен қарауға шақырамыз. Егер мүмкіндік болып жатса, осы елдер мен өңірлерге сапарлардан уақытша бас тартқан жөн. Қауіпсіздік бәрінен маңызды", – деді Ерлан Жетібаев.

Айта кету керек, бұған дейін Иран халықты жаппай бақылау үшін бет-әлпетті тану жүйесін қолданатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу