Қазақстандықтарға табиғи қорықтар мен саябақтарға кіру ережесі өзгереді

198

Бұл ереже туристерге де қатысты болады.

Қазақстандықтарға табиғи қорықтар мен саябақтарға кіру ережесі өзгереді Фото: exclusive.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Енді ерекше қорғаудағы аймақта тұратын азаматтар да паркке кіргені үшін төлем жасауға міндетті.

Cондай-ақ, сол төлемді растайтын түбіртекті сыртқа шықпайынша өзімен бірге алып жүруі тиіс.

Экология министрлігінің хабарлауынша, тәртіптен тек соғыс пен тыл ардагерлері, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар, мектеп жасына дейінгі балалар ғана босатылады. Қаулы заңды күшіне қазанның 14-і күні енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу