Ал осы уақытқа дейін сатылған турлардың мерзімі ұзартылып кейінге ауыстырылды. Бұған Түркияда коронавирустың өршуі себеп болды. Бұл туралы Қазақстан туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей мәлімдеді. Оның айтуынша жолдамаларды сату мамыр айының ортасында немесе маусымға қарай қайта жандануы мүмкін. Айта кетейік, өткен жылы да сатылған барлық турлар пандемияға байланысты биылға ауыстырылған. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова, Қазақстан Түркиямен әуе рейстерінің санын қысқартылатынын айтқан. Себебі, онда күн сайын 50 мыңнан астам адам вирус жұқтыруда. бұл біздің елдегі жағдаймен салыстырғанда 5,5 есе көп.