Қазақстандықтарға Түркияға кіруге уақытша тыйым салынды

679

Түркияға жасалатын рейстердің кестесіне өзгеріс енгізілгеннен кейін жолаушыларға электрондық пошта және sms арқылы хабар беріледі.  

Қазақстандықтарға Түркияға кіруге уақытша тыйым салынды

Қазақстан азаматтарына алдағы екі аптада Түркияға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Түрік билігі Қазақстан азаматтарына екі апта бойы Түркияға кіруге уақытша тыйым салынғаны жөнінде Air Astana әуе компаниясын хабардар етті. Бұған 2 шілдеде жарияланған Қазақстанда карантиннің күшейтілуі себеп болып отыр. Алматыдан және Нұр-Сұлтаннан Анталья мен Ыстанбұлға рейстер Түркияда демалысы аяқталып, елге оралатын қазақстандықтарды алып келу үшін жалғаса береді. Түрік билігінің ақпаратына сәйкес, бұл шаралар – уақытша. Шектеулер екі аптадан кейін алынып тасталмақ", – делінген Air Astana компаниясының Facebook-тегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу