Қазақстандықтарға Ұлыбританияға виза алу жеңілдеуі мүмкін

293

Құжатты бүгін Сенат депутаттары ратификациялады.  

Қазақстандықтарға Ұлыбританияға виза алу жеңілдеуі мүмкін Фото: packandgo.ae

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы виза режимі алдағы уақытта жеңілдеуі мүмкін. Бұл жаңа стратегиялық серіктестік туралы келісімге байланысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін наурызда құжатты Мәжіліс мақұлдаған болатын. Құжат Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім жайында.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың айтуынша, келісім күшіне енгеннен кейін алғашқы қадам ретінде виза рәсімдерін жеңілдету қарастырылады. Яғни студенттерге, оқытушыларға, ресми делегациялар мен бизнес өкілдеріне талаптар жеңілдеуі мүмкін.

Арман Исетовтың сөзінше, Ұлыбритания кейінгі уақытта көші-қон саясатын қатаңдатып жатқанымен, Қазақстан бұл мәселені екіжақты келіссөздер барысында тұрақты түрде көтеріп келеді. Ратификация жаңа келіссөздерге негіз қалыптастырып, виза режимін жеңілдету бағытындағы диалогті ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2025 жылы Ұлыбритания үкіметі көші-қонды қысқарту туралы ресми мәлімдеме жасаған.

2026 жылдың 8 сәуірінен бастап бұл елде виза алымы өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу