Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын басқару мүмкіндігі беріледі

1089

Нарықта шетелдік немесе қазақстандық бірнеше компания болуы мүмкін. Жинағы бар адамдар ақшаларын сол жерге белгілі бір мерзімге салып, келісімшарт жасасады. 

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын басқару мүмкіндігі беріледі

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын басқаруға рұқсат берілмек. Мұндай өзгеріс қазір үкіметтің жұмыс тобында қаралып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Болжам бойынша нарықта шетелдік немесе қазақстандық бірнеше компания болуы мүмкін. Жинағы бар адамдар ақшаларын сол жерге белгілі бір мерзімге салып, келісімшарт жасасады. Яғни, жинағын инвестициялайды. Айналымдағы ақша жай жатпай, жұмыс істейді.

Ескерте кететін бір жәйт, зейнетақы жинағына үкімет емес, жеке тұлғаның өзі жауапты болады әрі тұрғындарға таңдау еркі берілмек. Бұл әзірге талқылаудағы жоба.

Ақпарат үшін айта кетсек,  2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, БЖЗҚ-ғы зейнетақы активтері 10 трлн 426 млрд 3 млн теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу