Қазақстандықтарға жоғары табыс табуға жағдай жасалмақ

2842

Заң жобасын қабылдау қызметкерлерге, жұмыссыздарға сапалы жұмысқа орналасуға, жоғары табыс табуға мүмкіндік береді.

Қазақстандықтарға жоғары табыс табуға жағдай жасалмақ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Кәсіптік біліктілік туралы" заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында коронавирус инфекциясы салдарынан әлемдегі еңбек нарығы айтарлықтай өзгергенін айтқан. 

"Сондықтан "Кәсіптік біліктілік туралы" заң қажет. Ол біліктілікті тану мәселелерін реттеп, қызметкерлерді құзыреттіліктерін жетілдіруге ынталандыруы тиіс", – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты Еңбек министрлігі "Кәсіптік біліктілік туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын әзірлеген.

Негізгі заң жобасында кәсіптік біліктіліктерді танудың екі тәсілі көзделген:

Міндетті негізде – Қазақстанның салалық заңнамалық актілерінде белгіленген қолданыстағы тәртіп негізінде жүргізіледі.

Ерікті негізде – өз бетінше және (немесе) жұмыс берушінің жолдамасы бойынша өтініш жасаған, белгілі бір қызмет түрін, еңбек қызметін жүзеге асыруға үміткер кандидатты сертификаттау жолымен жүргізіледі.

Сондай-ақ заң жобасында кандидаттардың кәсіптік біліктіліктерді тану рәсімінен өту құқықтары, кәсіптік біліктіліктерді ерікті негізде тану шарттары мен тәртібі айқындалады.

Бұдан басқа, кәсіптік біліктіліктерді тану жүйесіне ерікті негізде кіру үшін мынадай ынталандыру шаралары көзделген:

- Жұмыс берушілер жіберетін кандидаттарға Қазақстанның еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен кепілдіктер мен жеңілдіктер беру;

- Жұмыс берушінің қызметін декларациялау кезінде кәсіптік біліктіліктерді тануды есепке алу;

- Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген жұмыссыз тұлғаларға бір реттік ваучер беру. Осы ваучердің негізінде жұмыссыз адам республикалық бюджет есебінен кәсіптік біліктілігін мойындаудан өтеді;

- Мемлекеттік басқарудың жекелеген салаларында (аясында) кәсіптер бойынша кәсіптік біліктіліктерді тану орталықтарын құру кезінде жекелеген шығыстарды субсидиялау.

Заң жобаларын қабылдау қызметкерлерге, жұмыссыздарға және ізденушілерге тез әрі сапалы жұмысқа орналасуға және жоғары табыс табуға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу