Қазақстандықтарға жылуға артық төлеген ақшасы қайтарылады

728

Өңірлер бойынша тұтынушылардың 489 млн теңгеден астам қаражаты артық есептелген.

Қазақстандықтарға жылуға артық төлеген ақшасы қайтарылады

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстанның барлық өңірлері бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыстар жүргізді деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, жылу маусымында (2022-2023 жылдары) немесе күнтізбелік жыл үшін (2022 жылдың соңына дейін) қаражатты есептеуді қайтару халықтың жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылады.

Табиғи монополия субъектісі, сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге міндетті.

Осылайша, өткен 2021-2022 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне ҚҚС-ты ескере отырып жалпы сомасы 489 950 250 теңгеге қайта есептеу жүргізді:

  • Алматы қаласы бойынша – 40 935 520 теңге;
  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 1 755 990 теңге;
  • Шымкент қаласы бойынша – 27 698 240 теңге;
  • Алматы облысы бойынша – 9 284 560 теңге;
  • Ақмола облысы бойынша –  20 338 930 теңге;
  • Атырау облысы бойынша – 8 275 780 теңге;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 20 185 000 теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша –  186 251 070 теңге;
  • Жамбыл облысы бойынша – 16 585 480 теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 786 580 теңге;
  • Қарағанды облысы бойынша –  81 306 480 теңге;
  • Қостанай облысы бойынша –  4 449 030 теңге;
  • Қызылорда облысы бойынша –  38 824 760 теңге;
  • Павлодар облысы бойынша – 3 138 510 теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 26 648 420 теңге;
  • Түркістан облысы бойынша – 3 485 900 теңге.

Айта кетсек Маңғыстау облысының тұтынушылары үшін қайта есептеу болмайды, оның себебі жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын есепке алуға сәйкес жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу