Қарағандылық азаматтың 2 бөлмелі пәтері небәрі 100 мың теңгеге сатылып кеткен

250

Қазақстанның Жоғарғы Сотында 2024 жылғы 6 қыркүйекте пәтері болар-болмас ақшаға сатылған Қарағанды тұрғыны туралы айтылды. 

Қарағандылық азаматтың 2 бөлмелі пәтері небәрі 100 мың теңгеге сатылып кеткен Фото: Bizmedia.kz

66 жастағы Қарағанды тұрғыны Н. қаланың орталығында орналасқан 2 бөлмелі пәтердің иесі болып табылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2002 жылы ол танысының ұсынысына келісіп, сатып алушыдан қарыз алу үшін осы пәтерін кепілдікке қоюға рұқсат берген және қателесіп, оның сатылуы үшін сенімхатқа қол қойған. Бірнеше күннен кейін осы сенімхат негізінде пәтер 100 мың теңгеге сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға сатылған, бұл шарт заңды түрде тіркелген", – делінген ҚР Жоғарғы Сотында.

2023 жылы пәтер сатып алушының ағасына мұрагерлік жолмен өтті (сатып алушы қайтыс болды), ал жарты жылдан кейін ағасы пәтерді ұлына сыйға тартты. Алайда, осы уақыт бойы пәтер бұрынғы иесі Н-нің иелігінде қалып, ол отбасымен бірге пәтерде тұрып, оны ұстауға байланысты шығындарды өтеген.

Пәтері туралы жасалған мәмілелерді білген соң, ол қайтыс болған сатып алушының ағасы мен оның ұлына қарсы сотқа талап қою беріп, сатып алу-сату және сыйға тарту шарттарды жарамсыз деп тануды сұраған және мәміленің жалған болғанын айтқан.

Сотта пәтер сатушының пәтерді сатуды ойламағаны, оны сату туралы хабарландыру бермегені, шарттағы бағасы төмендетілгені және ол сатып алушыға берілмегені анықталды. Сатып алушы өмірінде пәтерді иеленіп, пайдаланбаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу