Қазақстанға 1 млрд теңге залал келтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды

86

Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті. 

Қазақстанға 1 млрд теңге залал келтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды Фото: Бейнежазбадан

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен трансұлттық қылмыстық топ құрамында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Күдікті, 2023 жылы Ресей Федерациясының аумағына шығарып сату мақсатында, Қазақстан аумағы бойынша акцизделетін тауарларды (темекі) сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған. Нәтижесінде, акциздік салықтың Қазақстан бюджетіне түспеген қаражат 1 миллиард теңгені құраған. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылғы сәуірде ол Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу