Қазақстанға 200 адам бөтен және жалған құжаттармен кірмек болды – ҰҚК

95

Арнайы қызмет мәліметінше, республика аумағына заңсыз кірмек болғандар жалған визаларды пайдаланған.  

Қазақстанға 200 адам бөтен және жалған құжаттармен кірмек болды – ҰҚК Фото: gov.kz

2026 жылдың басынан бері ҰҚК Шекара қызметі жалған немесе бөтен құжаттармен Қазақстан аумағына кіруге жасалған 200 заңсыз әрекеттің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шекарада заң бұзғандардың кейбірі басқа адамдардың жеке деректері көрсетілген құжат бланкілерін қолданған.

Шекара қызметі мұндай фактілердің басым бөлігі:

  • мемлекеттік шекараның оңтүстік бөліктерінде;
  • халықаралық әуежайларда (әуе бағыттарында) анықталғанын мәлімдеді.

ҰҚК жалған құжаттарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Былтыр шекарашылар осындай 661 құқық бұзушылықтың жолын кескен.

ҰҚК Шекара қызметі шекарадан өту кезінде бөтен немесе жалған құжаттарды пайдалану жай ғана әкімшілік құқық бұзушылық емес, ауыр қылмыс екенін еске салды. Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан заңнамасында қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу