Қазақстанға 35 шетелдік блогер шақырылды

2161

Әлеуметтік желілерде мыңдаған оқырманы бар блогерлер Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Италия, Ресей, Таиланд, Үндістан, Грекия, Канада және Оңтүстік Корея елдерінен шақырту алды.

Қазақстанға 35 шетелдік блогер шақырылды

Еліміздің көрікті жерлерін 35 шетелдік блогер Youtube-те насихаттайды. Сондай-ақ "Follow Me To" хэштегін ойлап тапқан блогер Мурад Осман шеберлік сыныбын өткізеді.

Қазақстанға 16-21 тамыз аралығында саяхат туралы қалам тербеп видео түсіретін шетелдік 35 блогер келмек. Олар "Открывая Қазақстан" атты жоба аясындағы блог-турға қатысып, еліміздің көрікті жерлерін аралайды.

Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Италия, Ресей, Таиланд, Үндістан, Грекия, Канада және Оңтүстік Корея  елдерінің блогерлері шақырту алды. Қатарында әлеуметтік желілерінде мыңдаған оқырманы бар америкалық Джимми пен таиландтық Тах жұбы, филиппиндік Даниэль Марш, америкалық Хэйли Дасович, ресейлік Миша Ронкаинен, италиялық Саймон Мондино бар.

Блог-тур 5 бағыт бойынша ұйымдастырылады:

1) Шығыс Қазақстан облысы. Рахман қайнарлары, Берел қорғаны, Қатон-Қарағай ауданы, "Косы Вероники" сарқырамасы, Зырян және Осиновка асуы.
2) Оңтүстік Қазақстан облысы. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Арыстан баб кесенелері, Отырар, Сауран қалалары мен Ақсу Жабағылы қорығы.
3) Орталық Қазақстан облысы. "Бурабай" ұлттық табиғи паркі, "Ботай-Бурабай" және "АЛЖИР"  мұражайлары мен Нұр-сұлтан қаласы.
4) Батыс Қазақстан облысы. Ақтау қаласы, Бозжыра шатқалдары мен алқабы, Кендірлі, Тоқмақ мысы, Қарақия және Түйес. 
5) Алматы және Алматы облысы. Алматы қаласы, Үлкен Алматы көлі, Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, Тамғалы тас пен Алтын Емел. 

Саяхат аяқталысымен блогерлер түсірген бейнематериалдарын YouTube-ке  жүктеп, әсерлерімен бөлісетін болады. 
24-25 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тревел-блогерлердің қатысуымен халықаралық форум өтеді. Шара барысында қатысушыларға арналған "Тревел блогинг", "Бизнес-блогинг" және YouTube, Instagram әлеуметтік желілерді дамыту туралы мастер-кластар ұйымдастырылады. Онда шетелдік блогерлер сапалы контент жасаудың қыр-сырларымен бөлісетін болады. Сондай-ақ "Follow Me To" хэштегін ойлап тапқан блогер Мурадд Османн мастер-класс өткізеді. Оны америкалық Forbes журналы әлемдегі "3 үздік тревел-блогер" тізіміне кіргізген болатын. Ол Influencer Awards премиясында "үздік travel-жоба" және "жыл инфлюенсерi" номинацияларында жеңімпаз атанған. 

Айта кету керек, бұл жоба Қазақстандағы Жастар жылы аясында дарынды жастарға қолдау көрсетіп, туризм мен елдегі видеоблоггингті дамыту мақсатында өткізіліп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу