Қазақстанға 760 млрд теңге қаражат қайтарылды – Бас прокурор

464

Оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 млн доллар қайтарылды.  

Қазақстанға 760 млрд теңге қаражат қайтарылды – Бас прокурор Фото: ҚР Бас прокуратурасы

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов елге қайтарылған қаражат сомасын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, ортақ күш-жігермен елге 760 млрд теңге сома болатын активтерді қайтаруға мүмкіндік туды", - деді Берік Асылов Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында.

Бас прокурордың айтуынша, қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен тартылған мемлекеттік органдар атқарып жатыр.

Қайтару шаралары Комиссияның барлық мүшелерімен және тартылған мемлекеттік органдармен қабылданады.

Жоғарғы Сот бұрын негізсіз олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған шешімдерге Бас Прокурордың 24 наразылығын қанағаттандырды.

Активтерді қайтару бойынша ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің айтуынша, 760 млрд теңге сомасы дүние-мүлік түрінде, актив түрінде және валюта түрінде қайтарылып жатыр. Бұл активтер Лихтенштейн, Аустрия, Біріккен Араб Әмірліктерінен келуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу