Қазақстанға 900 дана қоқыс таситын көлік қажет

364

Оның ішінде 223 данасы инвестициялық жобаларда қарастырылған. 

Қазақстанға 900 дана қоқыс таситын көлік қажет Фото: canva.com

Ірі қалаларда 1681 қоқыс таситын көлік бар. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қалдықтарды басқарудың маңызды бөлігі – жеткілікті деңгейде контейнерлер мен қоқыс таситын көліктермен қамтамасыз ету. Әкімдіктердің мәліметінше, бүгінде елімізде 133 мың дана контейнер бар, ал қосымша қажеттілік 60 мың дананы құрап отыр. Ірі қалаларда 1681 қоқыс таситын көлік қызмет етеді, қосымша қажеттілік шамамен 900 дананы құраса, оның 223 данасы инвестициялық жобаларда ескерілді", - деді ведомство басшысы.

Министр контейнерлер мен қоқыс таситын көліктер жергілікті бюджет пен жеке инвестициялар есебінен сатып алынатынын атап өтті. 

Ерлан Нысанбаев бұл ретте Қызылорда және Жетісу облыстарының тәжірибесіне тоқталды. 

"Бұл өңірлерде жобалар облыс орталығында ғана емес, аудандарда да пысықталды. Шешім қабылдау барысында қалдықтардың қалыптасу көлемдеріне, логистика мен қажетті инфрақұрылымды тиімді орналастыруға басты назар аударылды", - деп толықтырды ол.

Айта кету керек, осыған дейін әр қазақстандық жылына 210-215 келі тұрмыстық қалдық тастайтынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу