Қазақстанға АЭС салу қаншалықты тиімді ?

372

Тоқаев АЭС құрылысы туралы сөз қозғады. 

Қазақстанға АЭС салу қаншалықты тиімді ? Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік "Известия" газетіне берген сұхбатында Қазақстандағы АЭС құрылысы туралы да айтып өтті. Бұл туралы inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы "Известия" газетіне берген сұхбатында бейбіт мақсатта қолданылатын атом саласындағы ықпалдастық – энергетикалық ынтымақтастығымыздың негізгі бағытының бірі екенін дәлелдеді.

"Елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Бір жағынан, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті мол. Еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Сондай-ақ ядролық отын компоненттерін өз елімізде өндіреміз және уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз. Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығарылады.

Екінші жағынан, көптеген азаматтар мен сарапшылар атом станциясының қауіпсіздігіне күмән келтіреді. Семей ядролық сынақ полигонының ауыр қасіретін ескерсек, мұны түсінуге болады. Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалаймыз. Әйтсе де АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады," - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан Ресей тарапының Қазақстан аумағында атом электр станциясын салуға ұсынған көмегін жоғары бағалайтынын да атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу