Есірткі заттары АҚШ-тан пошта арқылы жіберілген

186

Биыл заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді.

Есірткі заттары АҚШ-тан пошта арқылы жіберілген Фото: видео скриншот

Тәркіленген есірткі заттары ішінде 774 келі героин, 155 келі марихуана, 37 келі гашиш және гашиш майы, 34 келі көкнәр, сондай-ақ 1 келі синтетикалық есірткі бар. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тәркіленген заттардың "қара нарықтағы" құны 7 миллиард теңгеден астам деп бағаланып отыр. Ираннан героиннің ірі партиясын әкелудің жолы кесілді, оны қылмыстық топ тұрмыстық тауарлар ретінде жасыруға тырысқан. Сонымен қатар, Еуропа, АҚШ және Таиландтан келген есірткі заттары бар 50-ден астам пошта жолданымдары анықталды. Мысалы, Қаржылық мониторинг агенттігі АҚШ-тан пошта арқылы контрабандалық жолмен жеткізетін жүйелі арнаны жойды. Нәтижесінде, 10 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, 15 келі каннабис сығындысы және 8 келі марихуана тәркіленді", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу