Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу үшін 10 миллион еуро бөлінбек

826

Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу үшін 10 миллион еуро бөлінбек

Қазақстанға жолбарыстарды әкелу және жерсіндіру үшін жабайы аңдарды қорғаудың дүниежүзілік қоры 10 млн еуро ақша бөлетін болды, деп хабарлайды khabar.kz.

Жоспар бойынша аталған жыртқыштар 2025 жылға қарай жеткізіледі. Ал оған дейін Іле-Балқаш резервуары құрылып, ол жерде Бұғы, Қабан сияқты жануарлар қатары көбейтіледі. Осылайша жолбарыстардың табиғи ортада өз бетінше күн көруіне жағдай жасалмақ.

Мамандар кезінде қазақ жерінде болған жолбарыстардың жақын тұқымы ретінде амур жолбарыстарын қарастырып отыр. Бағдарлама бойынша оның кем дегенде 100 басы әкелінуге тиіс.

"Жергілікті халықпен жұмыс істеу керек. Не үшін жасалынып жатқанын түсіндіру қажет. Олар жолбарысты алып келіп малымызды жегізеді деп ойлап қалуы мүмкін. Олай емес. Бірінші мақсат – өзіміздің флорамыз бен фаунамызды қалыпқа келтіру", - дейді ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мәрлен Айнабеков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу