"Қазақстанға әскер кіргізуге шақырған": Екібастұз тұрғынының бейнежазбасы үлкен резонанс тудырды

Әлеуметтік желі қолданушылары оны қатаң жазалауды сұрауда.

"Қазақстанға әскер кіргізуге шақырған": Екібастұз тұрғынының бейнежазбасы үлкен резонанс тудырды Фото: Бейнежазбадан

Өзін Ольга Мұхамеджанова деп таныстырған әйелдің бейнежазбасы көпшіліктің ашу-ызасын тудырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Видео авторы "әр қазақ өзінің қожайынын білуі" қажет деген мәлімдеме жасаған. Сонымен қатар, ол елдегі қазақтардың дауыс беру құқығы жоқ екенін ескертіп, сепаратистік сарындағы сөздер айтқан.

Аталған оқиғаға белгілі заңгер Мейірман Шекеев ресми мәлімдеме жасады. Ол Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Павлодар облыстық полиция департаментін аталған бейнематериалға құқықтық баға беруге шақырған.

– ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша ұлттық, этностық және өзге де алауыздықты қоздыру белгілері бар-жоғы, сондай-ақ 180-бап бойынша сепаратистік әрекет белгілерінің бар-жоғы анықталуы қажет. Ол үшін филологиялық-лингвистикалық сараптама тағайындалуы тиіс. Мен ешкімді алдын ала кінәлі деп отырған жоқпын. Бірақ заң бұзушылық белгілері болса, оған көз жұма қарауға болмайды. Еліміздің бірлігімен тыныштығына қауіп төндіретін кез келген әрекет заң аясында тексеріліп, тиісті жазасы берілуі керек деп есептеймін. Заң – бәріне ортақ! Елдің тыныштығы – бәрімізге артылған ортақ жауапкершілік!, – деп сөзін нақтылады Мейірман Шекеев.

Қазіргі уақытта қоғам белсенділері мен әлеуметтік желі қолданушылары құзырлы органдардан аталған арандатушылық әрекетке қатысты жедел тексеру жүргізуді талап етуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу