Қазақстанға астықтан гөрі ет сатқан тиімді

589

Бақыт Сұлтанов Қазақстан халқы етпен толық қамтамасыз етілген деп есептейді.

Қазақстанға астықтан гөрі ет сатқан тиімді

"Өнім экспорты деген – кешенді міндет. Біз қазір экспорттық акселерация бағдарламасын іске асырып жатқынымызды айттым. Экспортқа басымдық бермей тұрып, елдің ішінде көп дүние жасалуы керек екені түсінікті. Әуелі ішкі сұранысты қамтамасыз етуіміз керек. Осыдан кейін ғана сыртқа сата аламыз. Бізде экономикалық саясаттың өзі осыған негізделіп құрылған. Етке келетін болсақ, ет өндірісімен өзімізді толық қамтамасыз етіп отырмыз. Етті, соның ішінде өңделген ет өнімдерін көбірек экспорттау керекпіз. Өйткені 7-13 келі астық бір келі еттің құнарын береді. Осынша астықты 1 долларға сатуға болады. Ал бір келі ет 2,5-5 доллар арасында сатылады. Көріп тұрғаныңыздай, бұл жерде баға басқаша. 

9 айдың қорытындысына қарасақ, ет экспортының көрсеткіштері былтырғы көлеммен шамалас. Шамамен 13 мың тонна сатылған. Сондықтан ішкі нарықты өнімсіз қалдыратындай елеулі өзгеріс жоқ", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу