Қазақстанға Ауғанстаннан лаңкес экстрадицияланды

642

Қазақстанға Ауғанстаннан лаңкес экстрадицияланды

Бүгін ҚР ҰҚК жәрдемімен "З" азамат Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

2011 жылдан бастап іздестірілген азамат террорлық топ құрды, басқарды, оның қызметін қаржыландырды және Атырау облысы аумағында террорлық қылмыстар жасады деп айыпталып отыр.

Бұдан бұрын Ауғанстан ислам республикасының құзырлы органдары бұл азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысын қанағаттандырды.

Жыл басынан өзара келісім негізінде Ауғанстаннан Қазақстанға екі тұлға экстрадицияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу