Қазақстанға бетон жолдар қажет емес

1267

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің атына сауал жолдаған мәжіліс депутаты Кеңес Әбсатыров осындай мәселе көтерді.

Қазақстанға бетон жолдар қажет емес

Мұндай автомагистральдарды күзгі-қысқы маусымда пайдаланудың елеулі кемшіліктері анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат

"Еуропада бетонды төсем біршама жайлы болуы мүмкін. Алайда, күрт құрлықтық климаты бар Қазақстан үшін мұндай ерекшелігі бар жаңа жолдар көптеген адамның өліміне әкеп соқтыратын жол-көлік апаттарына әкеледі. Бетонды төсемі бар жоғары жылдамдықты мұндай жолдардағы көктайғақ салдарынан Астана – Щучье, Астана – Қарағанды, Алматы – Қапшағай сынды жаңа автомобиль жолдарында көлік апаты тұрақты орын алып отырады", – деді Әбсатыров.

Оның атап өтуінше, мұндай автомагистральдарды күзгі-қысқы маусымда пайдаланудың елеулі кемшілігі анықталды. Мәселен, аяздың түсуімен бетонды төсем мұз айдынына айналады.

Естеріңізге салсақ, осыдан бір жыл бұрын "Ақ жол" фракциясының депутаттары да бұл мәселені көтеріп, автомобиль жолдары стандартын қайта қарауды ұсынған еді. Депутаттардың сауалына жауап берген министрлік цемент-бетонды төсемнің көктемгі-күзгі және қысқы маусымдарда оңтүстікте де, солтүстік өңірде де проблема туындататынын мойындаған болатын. Бұл кемшілікті жою үшін жолдың тайқақтығын жоятын арнайы қоспа әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының басталғанын да мәлімдеген-ді. Бірақ, содан бері бір жыл өтсе де мәселе сол күйінде қалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу