Қазақстанға бидайды әкелуге тыйым салу ұзартылды

303

Әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға жатпайды. 

Қазақстанға бидайды әкелуге тыйым салу ұзартылды Фото: inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №125 бұйрығымен бидайды Қазақстан Республикасына, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тек қана өндіріс пен тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен жеткізуді қоспағанда, автомобиль, су және темір жол көлігімен әкелуге тыйым салу белгіленді, деп жазады inbusiness.kz сайты Ауыл шаруашылығына сілтеме жасап.

Уақытша тыйым 2024 жылдың 12 сәуірінен бастап 6 ай мерзімге енгізіледі.

Тыйым Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға және ұн тарту мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидайды әкелуге қолданылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу