"Қазақстанға бұл университет сөзсіз қажет": Асхат Аймағамбетов Назарбаев университеті туралы

442

ЖОО ақылы негізде оқуға түсу үшін талаптарды айтарлықтай төмендеткен. 

"Қазақстанға бұл университет сөзсіз қажет": Асхат Аймағамбетов Назарбаев университеті туралы Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл жаңалық білім сапасына қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Назарбаев Университеті ақылы негізде оқуға түсу үшін талаптарды айтарлықтай төмендеткенін жариялады. Бұл жаңалық білім сапасына қалай әсер етеді? Жоғары талаптар студенттерді жаңа шыңдарға жетелейтін стимул болды. Білім алуға дайындық және тиісті білім деңгейі туралы да ұмытпаған жөн", – деп жазды мәжілісмен. 

Аймағамбетов университет неге осындай қадамға барғанына қатысты пікір білдірді.

"Менің ойымша, мәселенің түп-тамыры Назарбаев Университетінің бюджеттен қаржыландыруының күрт қысқаруында жатыр. Инфрақұрылымды ұстап тұру, оқытушылардың еңбекақысы – мұның бәрі үлкен ресурстарды талап етеді. Өкінішке қарай, қаражат тапшылығын өтеу үшін университет талаптарды төмендетіп, ақылы негізде оқитын студенттер санын көбейтуге мәжбүр болып отыр", – деді депутат.

Сөзінше, депутаттар Жаңа Бюджет кодексінде университеттің қаржыландыру ашықтығын және есептілігін арттыруға бағытталған нормаларды енгізді. 

"Қоғамда осыған қатысты көптеген сұрақтар болды. Енді оқу құнының есептеу әдістемесін нақты әзірлеп, жоғары оқу орнына жеткілікті және лайықты қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет. Университет сапасының және оның позициясының төмендеуіне жол беруге болмайды. Кім не десе де, Қазақстанға бұл университет сөзсіз қажет деп санаймын", – деді Асхат Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу