Антониу Гутерриш 29 маусымда Ташкентке, одан әрі Қырғызстанға, Қазақстанға, Тәжікстанға және Түрікменстанға барады.
"БҰҰ Бас хатшысы әр елдің мемлекет басшыларымен және басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізіп, климаттың өзгеруіне қарсы жобалармен танысады, белсенді жастармен кездеседі", – деп жазылған хабарламада.
4 шілдеде Астанада Антониу Гутерриш Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысып, сөз сөйлейді.
Айта кетейік, бұл БҰҰ Бас хатшысының Қазақстанға екінші ресми сапары. Алғашқысы 2017 жылы болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу