Қазақстанға былтыр 19 млн доллардың гуманитарлық көмегі жеткізілген

907

Оның тең жартысын Қытай берген. 

Қазақстанға былтыр 19 млн доллардың гуманитарлық көмегі жеткізілген

Былтырғы жылы Қазақстан әлем елдеріне 3,1 млн доллар гуманитарлық көмек берді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есе жоғары, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұл ретте былтыр еліміз алған гуманитарлық көмектің жалпы сомасы 19,1 млн долларды құрады. Аталған сома бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есе жоғары. 

Осы қаржының үштен бірінен сәл көбі, яғни, 6,5 млн доллары көлік, жабдық ретінде берілген. Ал  31%-ы немесе 5,9 млн доллары киім және аяқ киім түрінде табысталды. Ал көмек түрінде елге жеткізілген медициналық препараттар ақшаға шаққанда 2,3 есе қысқарып, 1,7 млн долларды құрады. 

Мемлекеттер бойынша Қазақстанға ең үлкен көмекті Қытай жіберген. Көрші елдің берген қолдауы қаржыға шаққанда шамамен 10 млн долларды құрады. Бұл жалпы бір жыл бойығы көрсеткіштің жартысына жуығы. Бір ерекшелігі пандемияға дейін елімізге Қытай гуманитарлық көмек жолдамаған екен. 

2019 жылы ең көп көмекті еліміз Германиядан алған болатын. Алайда Аталған мемлекет бұл үрдістен былтыр да қалыс қалмай жалпы сомасы 2,2 млн доллар гуманитарлық көмек жолдады. Ал одан кейінгі орында Үндістан мен Катар: олардың әрқайсысы елімізге жалпы құны 1,7 млн доллар болатын медициналық жабдықтар мен препараттар жіберген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу