Қазақстанға ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатысуға рұқсат беріледі

1549

Бұл отандық мемлекеттік сатып алу нарығынан 12 есе көп.

Қазақстанға ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатысуға рұқсат беріледі

Қазақстанның экспорттық әлеуеті ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатысу арқылы іске асуы мүмкін. Бұл туралы сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды LS.

Спикер ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу саласында бір-біріне  ұлттық режимді ұсынуы отандық бизнес үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын атап кетті.

"ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің сатып алуларына қатысу – Қазақстан бизнесі үшін көлемі 100 млрд доллар болатын нарықты ашады, бұл отандық мемлекеттік сатып алу нарығынан 12 есе көп", – деді спикер.

Сонымен қатар, сенат спикерінің айтуынша, ЕАЭО-ның электр энергетика нарығының құрылуы аясында Қазақстан өзінің электр энергетика саласындағы экспорттық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік алды.

"2025 жылға қарай ЕАЭО шеңберінде газ, мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарығы құрылады. Осы бағытқа өте мұқият болып, ЖЖМ-ның ішкі нарықтағы бөлшектік бағасының өсіп кетуіне жол бермеуіміз керек", – деді ол.   

Бұл ретте спикер ЕАЭО аясында еркін сауда жасауға кедергі келтіріп отырған мәселелер деп - өзара саудадағы кедергілер санының көптігін, тауарларды тасымалдаудағы қиындықтар, ішкі нарықтағы қолжетімділік, жекелеген таураларды әкелуге құпия тыйым салу, жергілікті өңірлік билітер тарапынан болатын кедергілерді атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу