Қазақстанға электрмобильдерді бажсыз әкелу мерзімі ұзартылды

358

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты.

Қазақстанға электрмобильдерді бажсыз әкелу мерзімі ұзартылды Фото: автостат

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда электрмобильдерді бажсыз әкелу мерзімі екі жылға ұзартылғанын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бішкекте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында 30 мәселе қаралған.

Қазақстандықтар үшін маңызды келісімдердің бірі электрон қозғалтқышы бар автокөліктерді бажсыз әкелу мерзімін ұзарту болды.

"Азаматтарымыз үшін биыл электр қозғалтқышы бар жеңіл көліктерді бажсыз әкелу аяқталды, біз оны тағы екі жылға ұзарттық. Одақ бойынша жалпы квота 96 мың, оның ішінде Қазақстан үшін - 30 мың автокөлік бажсыз, салықсыз", деді Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу