Қазақстанға ең көп саяхат жасайтын ТОП-5 ел тұрғындары белгілі болды

Еліміз қаңтар-қыркүйек айларында 12 миллионнан аса туристі қабылдаған.  

Қазақстанға ең көп саяхат жасайтын ТОП-5 ел тұрғындары белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Тұрғындары көп келетін мемлекеттердің қатарында Қытай, Үндістан, Түркия, Германия және Оңтүстік Корея бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Саяхатшылардың дені Алматы, Астана мен ірі облыстарға саяхат жасайтын болып шықты. Мұндай статистикалық ақпаратты Туризм және спорт министрлігінің мәлім етті. Министрліктің жазуынша, 2025 жылдың 9 айында Қазақстанға туристік мақсатпен 12,1 миллион шетелдік келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 730 мыңға көп. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің мәліметінше, ТМД-ға кірмейтін елдерден Қазақстанға деген қызығушылық артқан. 

Осы уақыт аралығында елімізге 693 мыңнан көп Қытай азаматы келген. Өсім 42%-ды көрсетіп отыр. Сарапшылар мұны визасыз режимімен, жаңа тікелей рейстердің іске қосылуымен және қытай туристік нарығында елдің насихатталуымен байланыстыруда. 

Қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанға шамамен 113 мың үнді турист аяқ басқан. Былтыр бұл көрсеткіш 106 мыңды құраған еді. Сол секілді, 103 мыңнан астам түрік, 81 мыңнан көп неміс және 41,3 мыңнан астам оңтүстік кореялық келген. 

eQonaq жүйесінің мәліметінше, шетелдік қонақтар көбіне ірі қалалар мен өңірлерде тоқтаған. Олардың қатарында Алматы, Астана қалалары, Атырау облысы, Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы және Маңғыстау облысы бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу