Қазақстанға еңбек мигранттары қай елден көп келеді?

381

Қазақстан аумағында 14 762 шетел азаматы еңбек етеді.

Қазақстанға еңбек мигранттары қай елден көп келеді? Фото: gov.kz

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 537 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751рұқсат (екінші санат). 

"Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 598 және 833 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 940адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 103 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% - ы", делінген министрлік хабарламасында.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 204 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 895 адам (13%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 346 адам (9%), өңдеу өнеркәсібі – 1 128 адам (7%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 850 адам (6% ).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 729  адам (25%), Өзбекстан – 1 967 адам (13%), Үндістан – 1 461 адам (10%), Түркия – 1 454 адам (10%).

"Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді", делінген мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу