– Бұл жалған ақпарат екенін бірден айтамын. Бұл апаттың мән-жайын анықтауға ешбір елден ешкім араласуға тырысып жатқан жоқ. Біз бұл жерде ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпыз, – деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан ұшақ апатын тергеуге мүдделі барлық елдің кеңінен қатысуын қамтамасыз етті.
– Бұл ең алдымен үш мемлекет: Әзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясы және өндіруші ел Бразилия. Олардың барлық өкілі, 17 адам қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Ешкімге қандай да бір себеппен қысым жасаудың мәні жоқ. Сонымен қатар, Қазақстан 1992 жылдан бері Чикаго конвенциясының мүшесі. Соған сәйкес авиациялық зерттеулер жүргізу туралы кез келген шешімді тергеуді жүзеге асыратын мемлекет қабылдайды. Яғни, кімді тарту керек, кіммен жұмыс істеу керек және т.б. кез келген шешімді біз ғана қабылдай аламыз. Қоғамда біреу біреуге қысым жасайды деген сұрақ туындамауы үшін біз өз бетінше шешім қабылдаймыз, – деді Қанат Бозымбаев.