Қазақстанға есірткі қай елдерден келіп жатыр

1597

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көпкезеңді арнайы операция жүргізу барысында 97 кг марихуананы тәркілеп, оны сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. 

Қазақстанға есірткі қай елдерден келіп жатыр

Көпкезеңді арнайы операция жүргізу барысында 97 кг марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

"Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 297-баптың 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған тұлғалар қазіргі таңда тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, ҰҚК жүргізген жұмыстар нәтижесінде, 2018 жылы Алматы қаласы аумағында  есірткі сатудың 14 фактісі анықталды, оның халықаралық заңсыз айналымына қатысты 5 фактісі анықталып, күдіктілер ұсталды. Нәтижесінде, 36 қылмыстық іс қозғалды, заңсыз айналымнан 84 кг есірткі және жүйкеге әсер ететін заттар, оның ішінде – 74 кг героин және 8 кг синтетикалық есірткі заттары тәркіленген.

Есірткі затын заңсыз контрабандалық тасымалдау, сондай-ақ ұлтаралық қылмыстық топтарға қатысу фактілері бойынша 12 адам ұсталған,  оның ішінде екеуі шет ел азаматы.

Алматы қаласында 11,9 кг жоғары сапалы ауған героинін сатқан Ауғанстан мен Пәкістанның екі азаматы ұсталды.

Есірткі Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен Еуроодақ, Ресей, АҚШ, Мексика және Қытай елдерінен халықаралық пошта жөнелтілімдері және логистикалық компаниялар арқылы келуде.

Өткен жылы, шетелдегі әріптестермен бірге 3 халықаралық операция жүргізілді, заңсыз айналымнан МДМА 1056 таблетка және 0,2 кг синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Жасырын зертханаларда жүйкеге әсер ететін есірткі затын дайындайтын және оларды интернет-ресурстары арқылы таратумен айналысатын қылмыстық топ анықталды. Заңсыз айналымнан 5 гк астам синтетикалық есірткі заты және 500 кг химиялық қоспа жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу