Қазақстанға Еуропалық комиссия Вице-президенті Жозеп Боррелл ресми сапармен келеді

519

Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның Вице-президенті Жозеп Боррелл 2022 жылғы 16-17 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Қазақстанға Еуропалық комиссия Вице-президенті Жозеп Боррелл ресми сапармен келеді Фото: nokta.md

Сапар аясында Жозеп Борреллдің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және мемлекет басшылығымен екіжақты кездесулері жоспарлануда.

Келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар Қазақстан – Еуропалық одақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу