Қазақстанға Германиядан адам өлтірді деп күдіктелген ер адам экстрадицияланды

530

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстанға Германиядан адам өлтірді деп күдіктелген ер адам экстрадицияланды Фото: бейнеден скриншот

Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, қылмыс 2017 жылы Оралдағы автотұрақ аумағында жасалған.

"Күдікті жанжал кезінде жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын салып, салдарынан жәбірленуші қайтыс болған. Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды. Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады", - делінген хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

"Аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп хабарлады құзырлы орган.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу