Қазақстанға гүл қай елдерден келеді

164

Былтыр гүлдер әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген.  

Қазақстанға гүл қай елдерден келеді Фото: agroinvestor.ru

Өткен жылы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстан жалпы сомасы 93,5 млн АҚШ долларына 12,3 мың тонна гүл мен гүл түйнегін импорттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйеніп.

2023 жылы 8,2 мың тонна импортталған гүлдің сомасы  61,2 млн долларды құраған. 2023 жылы гүлдерді ең ірі жеткізушілері: Эквадор – 4 913 тонна, Нидерланд – 1 633 тонна, Кения – 635 тонна және Колумбия – 488 тонна.

Мемлекеттер арасындағы жеке үлес мынадай: Эквадордан  6,4 мың тонна, Нидерландтан  2,3 мың тонна, Қытайдан  1,1 мың тонна, Колумбиядан  978 тонна және Кениядан - 975 тонна гүл жеткізілген.

Бұл кезеңде Қазақстан ТМД елдеріне гүл шоқтарын жасауға арналған 1,5 мың тонна гүл мен гүл түйнегін экспорттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу