Қазақстанға интернет-алаяқтықпен айналысуға келген шетел азаматы ұсталды

109

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстанға интернет-алаяқтықпен айналысуға келген шетел азаматы ұсталды Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен және облыстық прокуратурамен бірлесе отырып, сим-бокстардың заңсыз қызметінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рудный қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында көрші мемлекеттің азаматы ұсталды. Тексеру нәтижесінде оның Қазақстанға алаяқтық әрекеттер жасау мақсатында арнайы келгені анықталды.

 Жедел уәкілдер күдіктінің жалға алған пәтерін тінту барысында қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыруға арналған құрал-жабдықтарды тапты. Оның ішінде виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге пайдаланылған SIM-бокс құрылғысы, интернет-маршрутизатор, екі IMEI коды бар ұялы телефон, қазақстандық ұялы операторлардың 1200-ден астам SIM-картасы, сегіз банктік карта және авиабилеттер тәркіленді.

Күдікті SIM-боксты басқару үшін Telegram мессенджері арқылы белгісіз "кураторлардан" нұсқаулар алып отырғаны анықталды. Ол осы әрекеттері үшін күн сайын 200 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу