Қазақстанға инвестиция салған елдердің ішінде Қытайдың үлесі қандай

769

Қазақстанда қазіргі таңда Қытайдың 1700 компаниясы белсенді түрде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстанға инвестиция салған елдердің ішінде Қытайдың үлесі қандай

Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровқа БАҚ тарапынан Қытайдан құйылатын инвестиция туралы сұрақ қойылды.

"Қытай инвестициясына қатысты сұрақ бізге жиі қойылады. Бұл ретте Қытайдың жалпы әлемдегі ең ірі инвесторларының бірі екенін атап өту керек. Жылына 100 млрд АҚШ долларына дейінгі қаражатты Қытай жыл сайын әлемнің түрлі елдеріне инвестиция ретінде құяды. Егер Қазақстандағы Қытай компанияларының үлесі туралы, атап айтқанда инвестиция ағыны жайлы айтар болсақ, 2005 жылдан бастап Қазақстанға 330 млрд АҚШ доллары инвестиция ретінде келген. Оның ішінде 19 млрд АҚШ долларына жуығы Қытайдан құйылған", – деді Алмас Айдаров.

Оның айтуынша Қытай инвестициясының үлесі 6 пайызға жуық. 

"Ал егер Қытай капиталы бар компаниялар туралы сөз қозғасақ, Қазақстанда қазір шамамен 45 мың компания (шет елдермен бірлескен) болса, соның ішінде белсенді түрде жұмыс істеп келе жатқандарының саны – 32 мың. Олардың ішінде Қытайдың 1700 компаниясы бар. Яғни инвестиция көлемі секілді үлесі 5-6 пайыз шамасында", - деп түйді Алмас Айдаров.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу