Қазақстанның шетелдік инвесторлары арасында Нидерланд көш басында, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров.
"Жиынтық түрде алғанда Нидерланд Қазақстанға $70 млрд-тан астам инвестиция салды және Қазақстанға салынған инвестиция көлемі жағынан шетелдіктердің ішінде бірінші болып тұр. Әр салада 950 бірлескен кәсіпорын жұмыс атқарады – ол ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп", — деді Е. Хаиров сәрсенбі күні қазақ-голландиялық бизнес-форумында.
"Бүгін біз бірлесе атқаратын жұмыс бағытын көріп отырмыз – ол инновация, қалпына келетін энергия көзі және су шаруашылығы. Біз алда дамыту керек алаңдарды көріп отырмыз", - деді вице-министр.
Ол қазірдің өзінде Қазақстан Нидерландыға тікелей әуе қатынасын ашқанын жеткізді.
"Оның үстіне бізде Нидерланды азаматтары үшін визасыз режим қарастырылған. Ол бизнес белсенділігі үшін жақсы алаң жасайды", - деді Хаиров.