Қазақстанға инвестицияларды одан әрі тарту жөніндегі Жол картасы қабылданды

909

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. 

Қазақстанға инвестицияларды одан әрі тарту жөніндегі Жол картасы қабылданды

Жыл сайынғы жалпы тікелей шетелдік инвестициялар ағымын 2018 жылғы $24 млрд-тан 2025 жылға қарай $34 млрд-қа дейін арттыру бойынша міндет қойылды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. 

Отырыста негізгі капиталға инвестициялар ағымын ҚР ЖІӨ-іне шаққанда 30%-ға дейін арттыру бойынша институционалдық және заңнамалық шаралар талқыланды. Ұлттық экономика министрлігінің инвестициялар тарту, экономика өсімін қолдау үшін 2025 жылға дейін негізгі капиталға шетелдік инвестициялар мен салымдардың қажетті көлеміне талдау бойынша жүйелі тәсілдері қарастырылды.

Отырыстың күн тәртібінде сонымен қатар көтерме сауда-тарату орталықтары желісін дамыту мәселесі қаралды. Қазақстанда логистикалық қуаттылықты арттыру мақсатында 2020-2023 жылдары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Көкшетау, Атырау және Ақтау қалаларында 8 өңірлік тарату орталығынан тұратын желіні құру жоспарланған. Бұл тетік фермерлерден өнімдерді ерте сатып алып, қажетті қор жасап, одан кейін өнімдерді маусымаралық кезеңде - желтоқсан айынан сәуір айына дейін сауда желілерінде арзандатылған бағамен сатуға бағытталған. 

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Қазақстанға инвестицияларды одан әрі тарту жөніндегі Жол картасы қабылданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу