Қазақстанға қай елдің азаматтары жиі келетіні белгілі болды

582

Елімізде  212 мың шетел азаматтары тұрақты тұрып жатыр. 

Қазақстанға қай елдің азаматтары жиі келетіні белгілі болды Фото: Depositphotos.com

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанға келген шетелдіктердің саны 7,5 млн-ға жетті. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Шетелдіктердің елге келуі жылдан жылға өсіп жатыр. Бірінші жартыжылдықта олардың саны 7,5 млн-ға жетті. Өткен жылмен салыстырғанда 600 мыңға өсті. 90%-ы – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің азаматтары. Қазақстанда 212 мың шетел азаматтары тұрақты тұрып жатыр. Оның 42 мыңы – Алматы қаласында, 32 мыңы – Алматы облысында,  17  мыңы – Астана мен Қарағанды облысында. Олардың саны 3 жылда 42% өсті", – деді Бауыржан Әленов.

ІІМ өкілінің дерегінше, 430 мыңы – уақытша тұрып жатқандар.

Оның ішінде:

  • 360 мыңы жұмыс істеу мақсатымен;
  • 17 мыңы – отбасымен қосылу;
  • 8 мыңы – білім алу үшін;
  • 44 мыңы – басқа мақсаттармен (жеке істер, туризм және т.б.) келген.

Бауыржан Әленовтың айтуынша, келетін шетелдіктердің 97%-ы заң мен көші-қон талаптарын сақтап отыр.

"Биыл ішкі істер органдары 200 мың шетелдікті жауапқа тартты. 46 мыңы – болу тәртібін бұзғаны үшін. Олардың 10 мыңы 5 жылға кіруге тыйым салумен елден шығарылды. Сонымен қатар, 2 мың жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды.", – деді Бауыржан Әленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу