Қазақстанға қайтарылуы мүмкін

483

Қазақстанға қайтарылуы мүмкін

Ауған арнайы қызметінің операциясы кезінде тұтқындалған 28 жастағы Қазақстан азаматы Дамир Зналиевті елге қайтару мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлады КТК.

Дамир Зналиев атышулы "Халифат сарбаздары" лаңкестік ұйымын құрып, соған жетекшілік еткендердің бірі. Дәл осы дінінен адасқан топтың мүшесі 2011 жылдың қазан айында Атыраудағы облыстық прокуратураның алдында өзін жарып жіберген еді. Жас жігітке мұнайлы өңірде қос бірдей жойқын жарылыс жасауға  Дамир Зналиевтің бұйрық бергені анықталды. Радикалдың өзі бірнеше жыл бойы ұстатпай, Ауған-Пәкістан шекарасында "Халифат сарбаздары" лагерінде жасырынып жүрген екен. Бұл ұйымға бірқатар Еуропа елдерінде теракт ұйымдастырды деген айып та тағылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу