Қазақстанға қарай циклон жылжып келеді

169

Синоптиктер алдағы сенбіде, 2025 жылы 28 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті.

Қазақстанға қарай циклон жылжып келеді Фото: visibleearth.nasa.gov

Болжамға сәйкес, республикамыздың басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, кей өңірде бұршақ түседі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Қазақстан аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс желдің екпін алуы, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең еліміздің батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында. 

Сондай-ақ, мынандай қолайсыз ауа райы күтіледі:

  • жоғары өрт қаупі – Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының, Атырау өңірінің оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында;
  • төтенше өрт қаупі – Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу