Қазақстанға келетін ресейлік қант мөлшері азаяды

276

Ресей Федерациясының үкіметі жаздың соңына дейін қант экспортына уақытша тыйым салды. Бұл туралы министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанға келетін ресейлік қант мөлшері азаяды Фото: Pixabay.com

Алайда қант экспорты ЕАЭО елдеріне, белгілі бір квоталар шеңберінде жалғасатын болады, деп жазады inbusiness.kz cайты.

Армения үшін квота 28 мың тоннаны, Беларусь үшін — 5 мың тоннаны, Қазақстан үшін — 120 мың тоннаны, Қырғызстан үшін — 28,5 мың тоннаны құрайды.

Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар үшін квоталық жеткізілімдерді нақты бөлу Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген.

Экспорттық шектеу 2024 жылдың 31 тамызына дейін қолданылатыны нақтыланды. Шектеу Ресейдің ішкі азық-түлік нарығы тұрақтылығын сақтауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу