Қазақстанға келетін ресейлік туристер саны 30 пайызға артқан

1099

Қазақстанға келетін ресейлік туристер саны 30 пайызға артқан

"Қазақтуризм" компаниясы Мәскеуде еліміздің іскерлік туризміне арналған роуд шоу ұйымдастырды, деп хабарлайды kazembassy.ru.

Шара ХІІ халықаралық Moscow MICE Forum аясында өтті. Оған 14 қазақстандық және 50 ірі ресейлік компания мен агенттік қатысып, екіжақты келіссөздер жүргізді.

Отандық мамандар Астана қаласын халықаралық шаралар өткізетін алаң ретінде беделді ресейлік туристік агенттіктерге ұсынды. Елорда ең жоғары деңгейдегі форумдарды ұйымдастыруға қауқарлы. Шаһарда көрмеге арналған 25 мың шаршы метр алаң, 3 мың қонақүй бөлмесі, конгресс-орталықтар мен спорт кешендері шоғырланған.

"Ең бастысы, мен Қазақстанның киелі жерлерін аралап шықтым. Әр азамат пен турист үшін қасиетті орындарды көрдім. Нәтижесінде әдемі фоторепортаж жасадым. Журналымыздың жаңа басылымында "Астананың 20 кереметі" атты туындыны басып шығардық. Оған елорданың сәулетті ескерткіштерінің суреттері кірді. Әрине, туристер арасында қызығушылық пайда болды", - дейді "Туризм шеберханасы" медиа орталығының директоры Олег Злобин.

Қызығушылықтың бар екенін туристік операторлар да растап отыр. Былтырдың өзінде Қазақстанға келген ресейлік туристердің саны 30 пайызға артқан.

"Жыл сайын Ресейден 50 миллион турист шетелге шығады. Арасында жергілікті өңірлерді аралауға бел буатын азаматтар да бар. Бірақ қазір көбі Қазақстанды көруге құлық танытып отыр. Талдау агенттіктері жариялаған соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан – ресейліктер арасында сұранысқа ие бағыттардың бірі. Бұл тізімде біздің ел Түркия, Абхазия және Финляндия сынды мемлекеттермен қатар тұр", - дейді РФ өңірлері туристік қауымдастығының басшысы Светлана Ануфриенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу