Биыл Қазақстанға қанша турист келді?

472

Қаңтар-наурыз аралығында 1 млн 348 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған.

Биыл Қазақстанға қанша турист келді? Фото: inbusiness.kz

Биылғы қаңтар-наурыз аралығында елімізге 227,7 мың шетелдік турист келген. Бұл 130 мың адамға немесе 2,3 есе көп. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қазақстанға 97 мың шетелдік келген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Мәдминге сілтеме жасап.

Алғашқы тоқсанда ішкі туристер саны да 20%-ға артты. Қаңтар-наурыз аралығында 1 млн 348 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған.

"Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін өседі деп күтілуде. Бұл шетелдік қонақтардың Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артты",- деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу