Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 37%-ға артты

402

Былтыр елімізге 609,8 мың шетелдік келген.

Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 37%-ға артты Фото: Inbusiness.kz

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұл – былтырғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға көп, дейді Туризм және спорт министрлігі. Яғни, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артқан. Былтыр елімізге 609,8 мың шетелдік келген.

9 айдың қорытындысы бойынша, 2023 жылы орналастыру орындары қызмет көрсеткен ішкі туристер саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 553 мыңға артып, 5,4 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,3 миллион адамға көп (2019 жылдың 9 айында 4,1 млн адам).

"Кейінгі жылдары шетелдік туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы арта бастағаны байқалады. Мәселен, биыл елімізге 800 мыңнан астам шетелдік келген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1.4 миллионға дейін жетуі мүмкін деген болжам бар. Бұған еліміздің көрсе көз тоятын табиғи сұлулығы, мәдени бай мұрамыз және қонақжайлығымыз дәлел бола алады. Біз елімізді туристер үшін одан да тартымды әрі қызықты ету және байтақ жерімізге табаны тиген әрбір саяхатшыға ұмытылмас әсер қалдыру үшін тырысамыз", - деп атап өтті ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу